Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 36-161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Қапшағай қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нургазиев Сагдат Шатановичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С. Ақылтаев |
Қапшағай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Ахметтаев |
"Қапшағай қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін бегілеу туралы" Қапшағай қалалық маслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 14-48 шешіміне қосымша |
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 3 |
4 |
Ойын жолы | 30 |
5 |
Карт | 7 |
6 |
Бильярд үстелі | 8 |