"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар;
бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
жұмыссыздар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан асқан тұлғалар.
2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мелекеттік мекемесінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы осы қаулыны әділет органдарында мелекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелерін) жетекші ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Т. Кайнарбеков |