Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 3 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 03 ақпанда № 3687 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.03.2017 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар;
      бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      жұмыссыздар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      елу жастан асқан тұлғалар.
      2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мелекеттік мекемесінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы осы қаулыны әділет органдарында мелекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелерін) жетекші ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қаласының әкімі Т. Кайнарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады