1. Желтораңғы ауылдық округінің Желтораңғы ауылындағы "Школьная" көшесі "Сәтімқұл Көпжасаров" көшесіне қайта аталсын.
2. "Желтораңғы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Шөбеев Ербол Серікбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Мырзахметов |