Желтораңғы ауылдық округінің Желтораңғы ауылындағы "Школьная" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Желтораңғы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 4-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 12 мамырда № 3826 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Желтораңғы ауылдық округі Желтораңғы ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 10 шілдедегі Алматы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Желтораңғы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Желтораңғы ауылдық округінің Желтораңғы ауылындағы "Школьная" көшесі "Сәтімқұл Көпжасаров" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Желтораңғы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Шөбеев Ербол Серікбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім М. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады