Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2-12 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 12 мамырда № 3829 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 72-340 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 06.08.2020 № 72-340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. "Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына ( келісім бойынша Алтынбекова С.А) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәлихатты интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдармен байланыс, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы _______ Ә. Абаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Жұрын


  Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2-12 шешіміне қосымша

Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      2. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы Жамбыл ауданының әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.
      Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Жамбыл ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Жамбыл ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
      6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптарын орындамау (сөз - процедуралық талаптар туралы) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізуден бас тарту үшін және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайларда Жамбыл ауданының әкімдігімен жол берілген кемшіліктерді жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімдері оның келіп түскен күнiнен бастап есептеледi.
      7. Белгіленген тәртіппен берілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы барлық өтініштерді қарау шеңберінде Жамбыл ауданының әкімдігімен ұйымдастырушыларға талқылау және көтерілетін мәселелерді қарау үшін баламалы алаңшалар, шараны өткізетін басқа уақыт пен орын ұсынылуы мүмкін.
      8. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Жамбыл ауданының әкімдігі бас тартқанда немесе оны тыйым салу туралы шешім қабылданған жағдайларда, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды дереу қабылдауға және әлеуетті қатысушыларды бұл туралы тиісті хабарлауға міндетті.
      Шешiмге қолданыстағы заңнамамен белгiлеген тәртiппен шағым жасауға болады.
      Ұйымдастырушылар өз еркімен дайындық шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, (ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінің жалғасқан жағдайларды қоса алғанда) Жамбыл ауданының әкімдігі қалыптасқан жағдайларды және әлеуетті тәуекелдерді негізге алып, өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылармен заңсыз жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларға шақырулар орналастырылған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсатсыз акцияға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертумен жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Жамбыл ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      6) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикетер мен демонстарцияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына;
      7) алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге;
      8) транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) дайындауға және қолдануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға немесе әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын кемсіту мазмұнындағы шақырумен көпшіліктің алдында сөз сөйлеуге;
      9) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстарциялар өтетін орындарда алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың тәріздестері мен прекурсорларды қолдануға;
      10) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
      Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) көзделген нормаларды бұзған жағдайда заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      12. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ азаматтар Заңмен белгiленген тәртiптi сақтап өткiзiлетiн жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға кедергi жасауға құқылы емес.
      13. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Жамбыл ауданының әкімдігі бұларды өткiзуге тыйым салады.
      Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      14. Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер мен пикеттер өткізу үшін келесі орындар айқындалсын:
      1) Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, № 53, аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң;
      2) Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі №10, орталық стадион;
      3) Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі нөмерсіз, орталық Арбат;
      15. Жамбыл ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу орны болып келесі маршруттары айқындалсын:
      1) Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесінен бастап Абай көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесіне дейін;
      16. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде Заңның 4, 5 және 7-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Жамбыл ауданының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.
      Жамбыл ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді мен демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      17. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.
      18. Жиналыстар мен митингiлердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Заңмен белгiленген тәртiбi еңбек ұжымдарының және қоғамдық бiрлестiктердiң заңдарға, өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес жабық үй-жайларда өткiзiлетiн жиналыстарына қолданылмайды.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жамбылском районе

Решение Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 31 марта 2016 года № 2-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 мая 2016 года № 3829. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 6 августа 2020 года № 72-340

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 06.08.2020 № 72-340 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жамбылском районе согласно приложению к настоящему решению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел внутренней политики Жамбылского района" ( по согласованию Алтынбекова С.А) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата "По вопросам развития социальной инфраструктуры, социальной защиты населения, языка, спорта, культуры, образования, здравохранения, общественных объединений и связи, правовой реформы и законности".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии _________ _ А. Абаев
      Секретарь районного маслихата С. Журын


  Приложение к решению Жамбылского районного маслихата от 31 марта 2016 года № 2-12

Порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жамбылском районе

1. Общие положение

      1. Настоящий порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (далее - порядок) разработан в соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О поpядке оpганизации и пpоведения миpных собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций в Республике Казахстан" (далее - Закон) и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Жамбылском районе.
      2. Формами выражения общественных, групповых или личных интересов и протеста, именуемых в законодательстве собраниями, митингами, шествиями и демонстрациями, следует понимать также голодовку в общественных местах, возведение юрт, палаток, иных сооружений и пикетирование.

2. Порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      3. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в акимат Жамбылского района.
      Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.
      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения.
      В заявлении указывается цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате Жамбылского района.
      5. Акимат Жамбылского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.
      6. Не соблюдение требований пункта 4 настоящего порядка при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (речь идет о процедурных требованиях) не может являться основанием для отказа в проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций и дачи ответа отказного характера.
      В таких случаях акиматом Жамбылского района дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются со дня его поступления.
      7. Акиматом Жамбылского района по всем поданным в установленном порядке заявлениям о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в рамках рассмотрения организаторам для обсуждения и рассмотрения поднимаемых вопросов могут предлагаться альтернативные площадки, иное время и место проведения мероприятий.
      8. В случаях отказа акимата Жамбылского района в разрешении проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций или принятии решения о его запрещении, организаторы обязаны незамедлительно принять меры по приостановлению всех подготовительных мероприятий и надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.
      Решение может быть обжаловано в порядке, установленном действующим законодательством.
      В случае, не принятия организаторами самостоятельных мер по приостановлению подготовительных мероприятий (включая случаи продолжения организационных действий), акимат Жамбылского района, исходя из складывающихся ситуаций и с учетом потенциальных рисков, обязан разместить информацию об отказе в разрешении проводить собрания, митинги, шествий, пикеты и демонстраций с предупреждением об ответственности за участие в несанкционированной акции на своем официальном интернет-сайте, а также по возможности во всех ресурсах, где организаторами размещались или размещаются призывы на незаконные собрания, митинги, шествий, пикеты и демонстраций.
      9. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      10. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций, уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.
      11. Организаторам и участникам мероприятий запрещается:
      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;
      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;
      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с акиматом Жамбылского района;
      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;
      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;
      6) участие на собраниях, митингах, шествиях, пикетах и демонстрациях лиц, в состоянии алкогольного или наркотического опьянения;
      7) проносить алкогольную продукцию, продукцию в металлической, стеклянной таре, пиротехнические изделия и иные предметы, использование которых может представлять угрозу жизни и здоровью людей, либо причинить материальный ущерб физическим или юридическим лицам;
      8) подготавливать и использовать транспаранты, лозунги и иные материалы (визуальные, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений или направленных на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, а также ущемляющие права физических либо юридических лиц;
      9) распивать алкогольные напитки, употреблять наркотические средства, психотропные вещества, их аналоги и прекурсоры в местах проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций;
      10) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.
      Уполномоченные (организаторы) в установленном законом порядке несут ответственность за нарушение предусмотренных норм.
      12. Государственные органы, общественные объединения, а также граждане, не вправе препятствовать собраниям, митингам, шествиям, пикетам и демонстрациям, проводимым с соблюдением порядка, установленного Законом.
      13. Акимат Жамбылского района запрещает собрание, митинг, шествие, пикетирование или демонстрацию, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.
      Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (городской общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.
      14. Для проведения собраний, митингов и пикетов в Жамбылском районе определить следующие места:
      1) село Узынагаш, улица Абая № 53, площадь перед районным домом культуры;
      2) село Узынагаш, улица Мажитова №10, центральный стадион;
      3) село Узынагаш, улица Абая без номера, центральный Арбат;
      15. Местом проведения шествий и демонстраций в Жамбылском районе определить следующие маршруты;
      1) село Узынагаш, начиная с улицы Караш батыра по улице Абая до улицы Карасай батыра.
      16. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя акимата Жамбылского района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, предусмотренный статьями 4, 5 и 7 Закона, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.
      В случае отказа от выполнения законных требований представителя акимата Жамбылского района по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

3. Ответственность за нарушения порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      17. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законодательством порядке.
      Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.
      18. Порядок организации и проведения собраний и митингов, установленный Законом, не распространяется на собрания и митинги трудовых коллективов и общественных объединений, проводимые в соответствии с законодательством, их уставами и положениями в закрытых помещениях.