"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Жамбыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3829 тіркелген, 2016 жылдың 25 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
"Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 13-72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4178 тіркелген, 2017 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А. Сабировке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Д. Чажабаев |
Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы | С. Жұрын |