Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 11.04.2018 № 32-140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарлатылсын.
2. "Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Т. Н. Керімбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жоспарлау, бюджет, шаруашылық, қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін
4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қаратал аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Р. Жапарқұлов |
Қаратал аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Б. Смаилов |