Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 32-140 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 24 сәуірде № 4656 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Абдыкаликова Роза Мырзакановнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қаратал аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Т. Цой
      Қаратал аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Смаилов

 
  Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы "11" сәуірдегі № 32-140 шешіміне қосымша

Қаратал аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 8 маусымдағы № 6-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3883 тіркелген, 2016 жылдың 30 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Қаратал ауданы бойынша пайданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 8 маусымдағы № 6-23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2016 жылдың 4 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 11-38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 тіркелген, 2016 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады