1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы "Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 3954 тіркелген, "Қаратал" газетінде 2016 жылдың 30 қыркүйегінде № 40 (7408) жарияланған) № 10 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жолбарыс батыр | |
ауылдық округінің әкімі | С. Андасбаев |