Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 19 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 4 қаңтарда № 4057 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 8 ұсынысының негізінде, Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы "Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 3954 тіркелген, "Қаратал" газетінде 2016 жылдың 30 қыркүйегінде № 40 (7408) жарияланған) № 10 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жолбарыс батыр
       ауылдық округінің әкімі С. Андасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады