Кербұлақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 03-22 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 26 мамырда № 3849 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 25-142 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 12.02.2018 № 25-142 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. "Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Қ.Қабылбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет–ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Самылтыров
      Мәслихат хатшысы Б.Рысбеков

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Кербулакскому району

Решение Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 26 апреля 2016 года № 03-22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 26 мая 2016 года № 3849. Утратило силу решением Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 12 февраля 2018 года № 25-142

      Сноска. Утратило силу решением Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 12.02.2018 № 25-142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)", Кербулакский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Кербулакскому району.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдела земельных отношений Кербулакского района (по согласованию Кабылбеков К.) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата "По вопросам экономики, бюджета, налога, по поддержке малого и среднего бизнеса, коммунального хозяйства, благоустройства и оказания услуги населению района".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Самылтыров
      Секретарь маслихата Б. Рысбеков