Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі "Кербұлақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" № 03-22 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 25-142 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 ақпанда № 4524 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 03-22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 тіркелген, 2016 жылдың 3 шілдесінде аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Иманбаев Амангельды Турысбековичқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы К. Толыбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады