Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 24.04.2018 № 37-178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Райымбек ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. "Райымбек аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Өнеркіәсіп, құрылыс, байланыс, транспорт, коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауылшаруашылығы, жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | С.Сатылғанов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Е.Құдабаев |