1. Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Шығыс" көшесі "Өмірзақ Ибрагимов" көшесі деп қайта аталсын.
2. Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Бурканбеков Сабыр Садыковичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Батырқұлов |