Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Шығыс" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 79 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 28 желтоқсанда № 4042 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Шығыс" көшесі "Өмірзақ Ибрагимов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Бурканбеков Сабыр Садыковичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Т. Батырқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады