Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.10.2020 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 152 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қыркүйегінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексеруі және талдауы: тууды тіркеу туралы өтініш - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін оның тууын тіркеген жағдайда - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;";
8 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкестігін тексереді және талдайды: тууды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін оның тууын тіркеген жағдайда - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;";
9 тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды: тууды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін оның тууын тіркеген жағдайда - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.";
10 тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және заңнамаға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және әкім аппаратына жолдайды: тууды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін оның тууын тіркеген жағдайда - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде - күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.".
2. Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |