Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 6-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 3265 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 52-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Д. Есімбеков Б. Қарашолақов

      Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы

      "Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" № 6-5 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер

      министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер

      департаментінің басшысы

      Т.С.Мәткенов

      "21" қараша 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Жамбыл

      облыстық аумақтық инспекциясының

      басшысы

      С.Н. Солтанбеков

      "21" қараша 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл

      облысы тұтынушылардың құқықтарын

      қорғау департаментінің басшысы

      Т.С. Төлендиев

      "21" қараша 2016 жыл

  Жамбыл облысы мәслихатының
2016 жылғы "21" қарашадағы
№ 6-5 шешіміне қосымша

Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Қағидалар Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне, меншiк түрлерiне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) иттер мен мысықтардың иесi – жеке меншiгiнде немесе меншiктiң басқа түрiнде иттер және мысықтарға иелiк етушi жеке немесе заңды тұлға;

      2) жетелеушi ит - көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамның белгiлi маршруттар бойынша дұрыс және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретiлген ит;

      3) иттердi және мысықтарды асырау – иттер мен мысықтардың иелерiмен ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, иттердiң және мысықтардың толыққанды тiршiлiк қарекетiн қамтамасыз ету үшiн iске асырылатын әрекеттер;

      4) қаңғыбас иттер мен мысықтар - тiркелмеген, иесiн анықтау мүмкiн емес, иесiнен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;

      5) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;

      6) иттер мен мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы.

      7) ветеринариялық ұйым – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы құрған, ауылдық округтерде оқшау бөлімшелері бар мемлекеттік ветеринариялық мекеме.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      5. Жол берілмейді:

      1) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға;

      2) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге;

      3) Жамбыл ауданы аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда)".

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облыстық мәслихатының 30.04.2019 № 34-5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердiң қашып кетуiн, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттердi оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақты ит күзететiн болса, иттiң аумақта бар екендiгi туралы аумаққа кiреберiстегi иттiң бейнесi салынған, "Абайлаңыз қабаған ит" деген жазба жазылған ескерту тақташасымен хабарланады.

      7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелерi төмендегi талаптарды орындауға мiндеттi:

      1) иттер мен мысықтарды аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда тiркеуге қою;

      2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркiмен шығып кетуiне жол бермеу;

      3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкелiп соқпайтын және қауiп төндiрмейтiн жүрiсiн қамтамасыз ету;

      4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда даңғырды болмдырмау;

      5) иттер мен мысықтардың нәжiсiмен және өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiмен көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарының (кiреберiстердiң, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, жертөлелердiң, шатыр астыларының, үйлердiң төбелерiнiң), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;

      6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес асырау, қоғамдық қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай асырау, оларға адамгершiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, оларға қажеттi көлемде тамақ пен iшетiн су беру, қатал ұсталуына жол бермеу;

      8) ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшiн, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргiзу үшiн бөгетсiз беру;

      9) иттер мен мысықтарды жыл сайын екi айлық жасынан бастап ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшiн әкелу;

      10) жүйелi түрде, тоқсанына бiр реттен кем емес иттер мен мысықтарды терi паразиттерiне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргiзу;

      11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдiктi болғанда дереу ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау, зерттеудiң қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз орындау;

      12) иттер мен мысықтардың белгiсiз себептермен өлiп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгiлерi болғанда дереу ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуiне дейiн оқшаулау;

      13) иттер мен мысықтардың адамдарды сiлекейлеу, тырнап алу, тiстеу жағдайлары туралы, ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына және тиiстi денсаулық сақтау мекемелерiне дереу хабарлау;

      14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзi туралы толық деректердi дереу беру (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен жайы);

      15) иттер мен мысықтарды одан әрi асырауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беру немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;

      16) иттер мен мысықтардың өлiктерiн алып кетуiн ұйымдастыру мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына дереу хабарлау және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз ету.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      8. Иттер мен мысықтардың иелерi келесi талаптарды сақтауға мiндеттi:

      1) иттердi асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергiлер келтiрмейтiндей етiп ертiп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етiледi.

      Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлу шартымен иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiн және анатомиялық ерекшелiктерi тұмылдырық киюге келмейтiн декоративтiк тұқымды иттердi тұмылдырықсыз серуендетуге болады;

      2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергiлiктi атқарушы органдарымен, пәтер иелерiнiң кооперативтерiмен қаралған еркiн серуен алаңдарында алып жүруге жол берiледi;

      3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнында иттiң лақап аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген нөмiрлi жетон бекiтiлген қарғыбау тағуға мiндеттi. Иесiнiң қалауы бойынша нөмiрлi жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет көрсетiлуi мүмкiн;

      4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердiң иелерi жол-көлiк оқиғаларын және иттiң өлуiн болдырмау үшiн оларды қысқа мойын жiпке алуға мiндеттi;

      5) серуендетiлiп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиiстi дәрiгерлiк көмек шақыру жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi;

      6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;

      7) иттер мен (немесе) мысықтармен қоғамдық орындар ластанған жағдайда нәжiстi және олардың өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiн дереу алып тастауға мiндеттi.

      9. Иттердi тұмылдырықтарда және қысқа мойын жiптерде, өздiгiнен шешiлiп кетуiн болдырмайтын, иелерi ғимараттардың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәрiптi бұзбайтын, қозғалысқа және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бiрге иттер адамдардың және автокөлiктердiң өтуiне кедергi болмауы керек.

      10. Келесілерге жол берілмейді:

      1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерiлмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      2) иттер мен мысықтарды рұқсат етiлген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлiнген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емделу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгiлер орнатылған орындарда серуендетуге;

      3) иттермен және мысықтармен (көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамдарды жетелеушi иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға бiлiм беру мекемелерiне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бiрге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;

      4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кiшi тұлғаларға, иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiнен және иттердiң декоративтiк тұқымдарынан басқа, иттердi серуендетуге;

      5) алкогольдiк, есiрткi мас күйiндегi адамдарға иттердi серуендетуге;

      6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшiлiк шомылатын жерлерде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;

      7) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткiзiлетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамды жетелеушi иттерден басқа иттермен бiрге болуға.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

      11. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

      2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;

      3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

      4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.

      Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.

      12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлері жүзеге асырады.

      13. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша көрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.

      14. Ұйым жануарларды аулау, оларды ұйықтату және тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға арналған жабдықтармен және құралдармен (ілмекті аулау құралдары және/немесе фармокологиялық дәрі-дәрмек салынған пневматикалық винтовкалармен) жасақталады.

      15. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.

      16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

      17. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:

      1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;

      2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықты қолдануға;

      3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;

      4) адамдарға бағыттап атуға.

      5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.

      18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеге жеткізіледі.

      19. Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.

      20. Жануарларды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      21. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оаған қоса жануарларды арту мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және /немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.

      22. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейталап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.

      23. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз жануарлар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

      24. Уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.

      25. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.

      26. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

      27. Екі ай ішінде ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар өлтірілуге жатады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

      28. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен өлтіруге жатады.

      29. Жануарларды өлтіру басқа жануарлар ұсталатын жайлардан бөлек орналасқан арнайыландырылған жайда жүргізіледі.

      30. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.

      31. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.

6. Қорытынды ереже

      32. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      33. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мер мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района

Решение маслихата Жамбылской области от 21 ноября 2016 года № 6-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 26 декабря 2016 года № 3265. Утратило силу решением Жамбылского областного маслихата от 11 декабря 2020 года № 52

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского областного маслихата от 11.12.2020 № 52-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2015 года "Об административных правонарушениях" и пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района.

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросу развития развития агропромышленности, экологии и природопользования.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь
      областного маслихата областного маслихата
      Д. Есимбеков Б. Карашолаков

      Лист согласования к решению Жамбылского областного маслихата

      "Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и

      уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района"

      № 6-5 от 21 ноября 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Департамента внутренних дел

      Жамбылской области Министерства внутренних

      дел Республики Казахстан

      Т.С.Маткенов

      "21" ноября 2016 год

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Жамбылской областной

      территориальной инспекции Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      С.Н. Солтанбеков

      "21" ноября 2016 год

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель департамента по защите прав

      потребителей Жамбылской области Комитета

      по защите прав потребителей Министерства

      национальной экономики Республики Казахстан

      Т.С.Тулендиев

      "21" ноября 2016 год

  Приложение к решению
Жамбылского областного маслихата
от "21" ноября 2016 года № 6-5

Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".

      2. Настоящие Правила определяют порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории Жамбылского района.

      3. Данные Правила распространяются на всех владельцев собак и кошек, юридических и физических лиц независимо от форм собственности.

      4. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) владелец собак и кошек - физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении собак и кошек;

      2) собака-поводырь – это обученная в ходе специальной подготовки собака, способная обеспечить корректное и безопасное передвижение человека имеющего инвалидность по зрению по определенным маршрутам;

      3) содержание собак и кошек - действия, совершаемые владельцами собак и кошек для полноценного поддержания жизнедеятельности собак и кошек, их физического здоровья, с учетом соблюдения ветеринарно-санитарных норм;

      4) бродячие собаки и кошки - незарегистрированные собаки и кошки, у которых невозможно установить владельца, отставшие либо убежавшие от владельца, которые находятся без надзора со стороны владельца или ответственного лица;

      5) общественные места - места, где находится значительное скопление людей или такое скопление людей возможно, в том числе скверы, парки и иные места отдыха граждан, пляжи, стадионы;

      6) выгул собак и кошек - пребывание собак и кошек вне помещения, а также на специально отведенных территориях.

      7) ветеринарная организация – государственное ветеринарное учреждение созданное местным исполнительным органом района, осуществляющий деятельность в области ветеринарии, имеющий в сельских округах обособленные подразделения.

Глава 2. Содержание собак и кошек

      5. Не допускается:

      1) содержать собак и кошек в местах общего пользования многоквартирных жилых домов (в подъездах, на лестницах, на лестничных площадках, в лифтах, в подвалах, на чердаках, на крышах домов), а также на придомовой территории таких домов;

      2) разведение собак и кошек с целью использования их шкур и мяса для потребления, переработки и реализации;

      3) организация и проведение собачьих боев и других мероприятий на территории Жамбылского района, допускающих жестокость по отношению к животным (исключением является проверка рабочих качеств собак по специальным правилам, которые исключают увечье животного и позволяют провести правильный племенной отбор для разведения собак-охранников).

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Жамбылского областного маслихата от 30.04.2019 № 34-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. На территориях индивидуальных жилых домов, частных построек, собак следует содержать на изолированной территории и (или) на привязи, в условиях исключающих побег собак, нападение на людей и животных. Если территория охраняется собакой, о наличии собаки на территории сообщается предупредительной табличкой при входе на территорию с изображением собаки и надписью "Осторожно, злая собака!".

      7. При содержании собак и кошек владельцы должны соблюдать следующие требования:

      1) зарегистрировать собак и кошек в государственных ветеринарных организациях созданных местными исполнительными органами района;

      2) не допускать самовольного выхода собак и кошек из мест их содержания;

      3) обеспечить поведение собак и кошек не допускающее причинение беспокойства и возникновение опасности для окружающих;

      4) не допускать шум со стороны собак и кошек в жилых домостроениях;

      5) не допускать загрязнения мест общего пользования многоквартирных жилых домов (подъездов, лестниц, лестничных площадок, подвалов, чердаков, крыш домов), детских площадок, дорог, тротуаров, клумб, мест отдыха экскрементами и другими продуктами жизнедеятельности собак и кошек, а в случае загрязнения немедленно очистить место загрязнения;

      6) содержать собак и кошек в соответствии с зоотехническими, зоогигиеническими и ветеринарно-санитарными требованиями, обеспечить соблюдение требований общественной безопасности;

      7) содержать собак и кошек в соответствии с их биологическими потребностями, гуманно обращаться с ними, не оставлять без присмотра, предоставлять им необходимое количество пищи, питьевой воды, не допускать жестокого обращения;

      8) по требованию специалистов государственных ветеринарных организаций созданных местными исполнительными органами района беспрепятственно предоставлять собак и кошек для осмотра, диагностических исследований и лечебно-профилактических обработок;

      9) ежегодно, начиная с двух месячного возраста, доставлять собак и кошек в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами района, для осмотра и профилактических прививок против бешенства и других инфекционных, паразитарных заболеваний;

      10) регулярно, не реже одного раза в квартал, проводить профилактическую обработку собак и кошек от кожных паразитов и гельминтов;

      11) во всех случаях заболевания либо при подозрении на заболевание собак и кошек немедленно обращаться в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами района, неукоснительно соблюдать рекомендации специалистов по результатам обследования;

      12) немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными района, о случаях гибели собак, кошек по неизвестным причинам или наличии признаков заболевания бешенством и изолировать их до прибытия специалистов ветеринарных служб;

      13) немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами района, и соответствующие учреждения здравоохранения о случаях укуса, ослюнения, оцарапывания собаками и кошками людей;

      14) немедленно представлять лицу, получившему травму от собаки или кошки полные сведения о себе (фамилия, имя, отчество, адрес постоянного места проживания);

      15) при невозможности дальнейшего содержания собак и кошек передать их другому владельцу, зоозащитной организации или сообщить в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами района;

      16) в целях организации вывоза трупов собак и кошек немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами района и обеспечить снятие их с учета.

3. Выгул собак и кошек

      8. При выгуле собак владельцы должны соблюдать следующие требования:

      1) выводить собак из мест содержания и выгуливать их разрешается в наморднике и на коротком (до 1,5 метров) поводке не создавая беспокойства и помех окружающим.

      Щенков собак в возрасте до трех месяцев и собак декоративных пород, анатомические особенности которых не позволяют надеть намордник, можно выгуливаться без намордников, при условии обеспечения безопасности окружающих людей и животных;

      2) выгул собак без поводка и намордника допускается лишь на огороженных территориях, дрессировочных площадках и предусмотренных местными исполнительными органами, кооперативами собственников квартир местах свободного выгула;

      3) владельцы собак должны постоянно иметь на шее собаки ошейник с закрепленным на нем номерным жетоном с указанием клички собаки, ее породы, адресом и телефонами владельца. На номерном жетоне по желанию владельца может быть указана и иная информация, касающаяся собаки;

      4) при переходе через улицы и в близи магистралей владельцы собак должны брать их на короткий поводок во избежание дорожно-транспортных происшествий и гибели собак;

      5) в случае нанесения выгуливаемыми собаками или кошками укусов человеку или оцарапывания должны принять меры по вызову соответствующей врачебной помощи;

      6) при выгуле собак и кошек около жилых домов должны обеспечить тишину в период с 23.00. до 07.00 часов;

      7) в случае загрязнения общественных мест собаками и (или) кошками, должны незамедлительно убрать экскременты и иные продукты их жизнедеятельности.

      9. Собак можно оставлять на привязи в намордниках и на коротких поводках, исключающих произвольное развязывание, около зданий на время, в течение которого владельцы животных находятся в зданиях, если при этом нет угрозы для других лиц, нарушения общественного порядка, движению и здоровью собаки. При этом собаки не должны препятствовать проходу людей и проезду автотранспорта.

      10. Следующее не допускается:

      1) выгуливать собак и кошек не прошедших вакцинацию от бешенства и исследования на паразитарные заболевания (эхинококкоз и токсоплазмоз);

      2) выгуливать собак и кошек на детских дворовых площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан, в местах, где установлены запрещающие знаки, за исключением мест, разрешенных или специально отведенных для этих целей;

      3) посещать с собаками и кошками (кроме собак-поводырей сопровождающих людей имеющих инвалидность по зрению) магазины, организации общественного питания, медицинские, культурные, спортивные и общеобразовательные учреждения (кроме посещения специально организованных мероприятий, либо посещения специализированных, учреждений (организаций) для посещения с собаками, кошками);

      4) выгуливать собак, кроме щенков собак в возрасте до трех месяцев и декоративных пород собак, лицам младше 12 лет без сопровождения совершеннолетних лиц;

      5) выгуливать собак лицам, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического опьянения;

      6) выгуливать собак и кошек на пляжах, купать и мыть их в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах;

      7) находиться с собаками и кошками в местах скопления народа и на общественных мероприятиях, за исключением служебных собак, выполняющих работу по спасению людей, а также по борьбе с преступностью и охране общественного порядка и собак-поводырей для людей имеющих инвалидность по зрению.

4. Отлов бродячих собак и кошек

      11. Отлов осуществляется в целях:

      1) предупреждения угрозы жизни и здоровью людей;

      2) предупреждения и ликвидации болезней животных и их последствий;

      3) защиты населения от болезней, общих для человека и животных;

      4) регулирования численности бродячих собак и кошек.

      Отлов организуется и проводится с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманности.

      12. Отлов бродячих собак и кошек осуществляется работниками Организации в соответствии с графиком отлова, а также по заявкам местных исполнительных органов соответствующей административно-территориальной единицы, письменным или устным обращениям физических и юридических лиц в случаях массового скопления бродячих собак и кошек.

      13. Организация обеспечивает работников по отлову индивидуальными средствами защиты, проводит инструктаж, выдает им удостоверения на право отлова бродячих собак и кошек, которые предъявляются по требованию граждан.

      14. Организация укомплектовывается оборудованием и средствами для осуществления деятельности по отлову и уничтожению (петельные орудия лова и/или пневматические винтовки с фармакологическим препаратом).

      15. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятий и учреждений, а также беспризорные, оставшиеся без присмотра человека или образовавшие полусвободные группировки, способные размножаться вне контроля человека.

      16. К работе по отлову бродячих собак и кошек допускаются лица, прошедшие медицинское обследование, получившие профилактические прививки против бешенства, не состоящие на учете в психоневрологическом и наркологическом диспансерах.

      17. Во время проведения отлова работникам Организации не допускается:

      1) присвоение отловленных собак и кошек и передача их другим лицам;

      2) применение пневматического оружия с фармакологическим средством для обездвиживания животного с расстояния более 10 метров;

      3) отлов в присутствии несовершеннолетних детей, за исключением случаев, когда поведение бродячих собак и кошек угрожает жизни и здоровью человека;

      4) произведение выстрела в направлении людей.

      5) отлов бродячих собак и кошек производится в дневное время.

      18. Отловленные бродячие собаки и кошки доставляются в специализированное учреждение для временного содержания до выяснения их принадлежности.

      19. В случаях, если бродячие собаки и кошки представляют реальную угрозу жизни и здоровью людей и животных (агрессивное поведение и/или подозрение на заболевание бешенством) уничтожаются Организацией незамедлительно.

      20. При транспортировании животных удовлетворяются их нужды в пище и воде, а также обеспечивается их безопасность.

      21. Транспортное средство, предназначенное для перевозки животных, оснащается специальным оборудованием, а также при погрузке и разгрузке животных используется устройства, исключающие травмы и/или гибель животных.

      22. Транспортирование животных разных видов проводится раздельно, за исключением тех видов, которые естественно контактируют друг с другом или являются нейтральными друг к другу.

      23. Погибшие и не подлежащие дальнейшему транспортированию животные, незамедлительно отделяются от живых животных.

      24. В специализированном учреждении временного содержания проводится клинический осмотр, регистрация, вносятся сведения в специальные журналы следующего содержания: вид животного, пол, окрас, особые приметы, наличие отличительных знаков.

      25. Отловленные бродячие собаки и кошки размещаются в металлические клетки.

      26. За отловленными собаками и кошками осуществляется необходимый уход и кормление.

      27. В случае отсутствия обращения владельцев отловленных бродячих собак и кошек в течение двух месяцев подлежат умерщвлению.

5. Утилизация бродячих собак и кошек

      28. Не востребованные собаки и кошки подлежат умерщвлению медикаментозным путем, препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.

      29. Умерщвление животных проводится в специализированном помещении, которое отделено от помещения, где содержатся другие животные.

      30. Утилизация трупов собак и кошек осуществляется на специально отведенном участке земли для захоронения трупов животных (скотомогильники и/или биотермические ямы) или в передвижных и/или стационарных устройствах для сжигания трупов животных и биологического материала (инсенераторы).

      31. Не допускается выбрасывание трупов (останков) собак и кошек на территории населенных пунктов и несанкционированное захоронение вне скотомогильников.

6. Заключительные положения

      32. Финансирование мероприятий по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек осуществляется за счет средств местного бюджета.

      33. За нарушение настоящих Правил владельцы собак и кошек несут ответственность в соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".