Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 4843 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 05.10.2022 № 21-22 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Ветеринария туралы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Жамбыл облысы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық
      маслихатының сессия төрағасы З. Кадырбекова
      Жамбыл облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы М. Берік

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2020 жылғы "11" желтоқсандағы
№ 52-8 шешіміне 1 қосымша

Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Қағидалар Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне, меншiк түрлерiне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) иттер мен мысықтардың иесi – жеке меншiгiнде немесе меншiктiң басқа түрiнде иттер және мысықтарға иелiк етушi жеке немесе заңды тұлға;

      2) жетелеушi ит - көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамның белгiлi маршруттар бойынша дұрыс және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретiлген ит;

      3) иттердi және мысықтарды асырау – иттер мен мысықтардың иелерiмен ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, иттердiң және мысықтардың толыққанды тiршiлiк қарекетiн қамтамасыз ету үшiн iске асырылатын әрекеттер;

      4) қаңғыбас иттер мен мысықтар - тiркелмеген, иесiн анықтау мүмкiн емес, иесiнен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;

      5) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;

      6) иттер мен мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы;

      7) ветеринариялық ұйым – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы құрған, ветеринариялық пункттері бар мемлекеттік ветеринариялық станция;

      8) биостерилизация – жануарларды тұқымдану қабілетінен хирургиялық жолмен айыру.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      5. Иттердi және мысықтарды асырау санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалар талаптарын сақтау, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарау жағдайларында жүзеге асырылады. Ит пен мысықтарды асыраған жағдайда, керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизация жолдары ұсынылады. Иттер мен мысықтарды биостерилизациялау жануар иесінің есебінен ветеринарлық клиникаларда жүзеге асырылады.

      6. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағидалардың шарттарын сақтаған жағдайда, жануарларды бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, көппәтерлі үйлерде тек өзіне тиесілі тұрғын алаңында (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен) ұстауға рұқсат беріледі.

      7. Осы Қағидаларды сақтау үшін өкiлеттi органдарға жәрдемдесу мақсатында көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік), кондоминиум нысандарына:

      1) жертөле, шатырларды және басқа да қосалқы үй-жайлардың кіреберістерін тұрғын үй қорын, техникалық пайдаланудың тәртібіне сәйкес қараусыз жануарлардың кіріп кетуіне жол бермеу үшін жабық ұстау;

      2) қараусыз жүрген үй жануарларын аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында жүрген қараусыз иттер мен мысықтар туралы хабарлау;

      3) ветеринарлық қызметтердің қызметкерлеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге көмек көрсету;

      4) тиісті органдарға Қағида талаптарының бұзылу фактілері туралы хабарлау ұсынылады.

      8. Жеке тұрғын үйлердің, жеке құрылыстардың аумақтарында иттер оқшауланған орында немесе байлауда ұсталуы тиіс. Егер аумақты ит күзететін болса, иттiң аумақта бар екендiгi туралы аумаққа кiреберiсте иттiң бейнесi салынған "Абайлаңыз қабаған ит!" деген жазбасы бар ескерту тақтайшасымен хабарланады.

      9. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелерi төмендегi талаптарды орындауға мiндеттi:

      1) иттер мен мысықтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымында тiркеуге қоюға;

      2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркiмен шығып кетуiне жол бермеуге;

      3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкелiп соқпайтын және қауiп төндiрмейтiн жүрiсiн қамтамасыз етуге;

      4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда шуды болдырмауға;

      5) иттер мен мысықтардың нәжiсiмен және өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiмен көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарының (кiреберiстердiң, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, жертөлелердiң, шатыр астыларының, үйлердiң төбелерiнiң), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяу соқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеуге, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалауға;

      6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес асырауға, қоғамдық қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай асырауға, оларға адамгершiлiкпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, оларға қажеттi көлемде тамақ пен iшетiн су беруге, қатал ұсталуына жол бермеуге;

      8) облыстың жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымының мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшiн, диагностикалық зерттеу және емдеуге, алдын-алу шараларын жүргiзу үшiн бөгетсiз беруге;

      9) иттер мен мысықтарды жыл сайын екi айлық жасынан бастап облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына клиникалық байқауға және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшiн әкелуге;

      10) жүйелi түрде, тоқсанына бiр реттен кем емес иттер мен мысықтарды терi паразиттерiне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргiзуге;

      11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдiктi болғанда дереу облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына хабарлауға, зерттеудiң қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз орындауға;

      12) иттер мен мысықтардың белгiсiз себептермен өлiп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгiлерi болғанда дереу облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына хабарлауға және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуiне дейiн оқшаулауға;

      13) иттер мен мысықтардың адамдарды сiлекейлеу, тырнап алу, тiстеу жағдайлары туралы, облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына және тиiстi денсаулық сақтау мекемелерiне дереу хабарлауға;

      14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзi туралы толық деректердi дереу беруге (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен жайы);

      15) иттер мен мысықтарды одан әрi асырауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беруге немесе облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына хабарлауға;

      16) иттер мен мысықтардың өлiктерiн алып кетуiн ұйымдастыру мақсатында облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымына дереу хабарлауға және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз етуге.

      10. Келесілерге жол берілмейді:

      1) Иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға;

      2) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау мен ұстау орындарын ұйымдастыруға;

      3) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

      4) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге;

      5) Жамбыл облысы аумағында иттердi төбелестіру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда).

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      11. Иттер мен мысықтардың иелерi келесi талаптарды сақтауға мiндеттi:

      1) иттердi асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергiлер келтiрмейтiндей етiп, ертiп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етiледi.

      Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлу шартымен иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiн және анатомиялық ерекшелiктерi тұмылдырық киюге келмейтiн декоративтiк тұқымды иттердi тұмылдырықсыз серуендетуге болады;

      2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергiлiктi атқарушы органдарымен, пәтер иелерiнiң кооперативтерiмен қаралған еркiн серуен алаңдарында алып жүруге жол берiледi;

      3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнында иттiң лақап аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген нөмiрлi жетон бекiтiлген қарғыбау тағуға мiндеттi. Иесiнiң қалауы бойынша нөмiрлi жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет көрсетiлуi мүмкiн;

      4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердiң иелерi жол-көлiк оқиғаларын және иттiң өлуiн болдырмау үшiн оларды қысқа мойын жiпке алуға мiндеттi;

      5) серуендетiлiп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиiстi дәрiгерлiк көмек шақыру жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi;

      6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде 22.00 мен 09.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;

      7) иттермен, мысықтармен қоғамдық орындар ластанған жағдайда нәжiстi және олардың өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiн дереу алып тастауға мiндеттi.

      12. Иттердi тұмылдырықтарда және қысқа мойын жiптерде, өздiгiнен шешiлiп кетуiн болдырмайтын, иелерi ғимараттардың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәрiптi бұзбайтын, қозғалысқа және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бiрге иттер адамдардың және автокөлiктердiң өтуiне кедергi болмауы керек.

      13. Келесілерге жол берілмейді:

      1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерiлмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      2) иттер мен мысықтарды рұқсат етiлген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлiнген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емделу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгiлер орнатылған орындарда серуендетуге;

      3) иттермен және мысықтармен (көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамдарды жетелеушi иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға бiлiм беру мекемелерiне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бiрге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;

      4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кiшi тұлғаларға, иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiнен және иттердiң декоративтiк тұқымдарынан басқа, иттердi серуендетуге;

      5) алкогольдiк, есiрткiлік масаң күйiндегi адамдарға иттердi серуендетуге;

      6) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткiзiлетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамды жетелеушi иттерден басқа иттермен бiрге болуға.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

      14. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

      2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;

      3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

      4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.

      Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.

      15. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.

      16. Облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді. 

      17. Облыстық жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйым жануарларды аулау, оларды ұйықтату және тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға арналған жабдықтармен және құралдармен (ілмекті аулау құралдары және/немесе фармокологиялық дәрі-дәрмек салынған пневматикалық винтовкалармен) жасақталады.

      18. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.

      19. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

      20. Аулауды жүргізу кезінде облыстың жергiлiктi атқарушы органы құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымының қызметкерлеріне жол берілмейді:

      1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;

      2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден аспайтын қашықтықта қолдануға;

      3) қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше аулауға;

      4) адамдарға бағыттап атуға;

      5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды тәуліктің түнгі мезгілінде аулауға;

      21. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған мамандандырылған мекемеге жеткізіледі.

      22. Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды кідірмей жояды.

      23. Жануарларды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      24. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оған қоса жануарларды арту мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.

      25. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейтарап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.

      26. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз жануарлар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

      27. Уақытша ұстауға арналған мамандандырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.

      28. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар арнайы жабдықталған торларға орналастырылады.

      29. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

      30. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі.

      31. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды өртеуге арналған көшпелі немесе стационарлық қондырғыларда (инсинераторларда) жүзеге асырылады.

      32. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.

5. Қорытынды ереже

      33. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      34. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2020 жылғы "11" желтоқсандағы
№ 52-8 шешіміне 2 қосымша

Жамбыл облысы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1) "Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2915 болып тіркелген, 2016 жылы 30 қаңтарда "Ақжол" газетінде жарияланған);

      2) "Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 болып тіркелген, 2019 жылы 3 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Қордай ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 болып тіркелген, 2016 жылы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4) "Меркі ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 46-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3006 болып тіркелген, 2016 жылы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5) "Тараз қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3216 болып тіркелген, 2016 жылы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6) "Т.Рысқұлов ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3215 болып тіркелген, 2016 жылы 2 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7) "Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 6-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3265 болып тіркелген, 2017 жылы 7 қаңтарда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8) "Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 6-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 34-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 болып тіркелген, 2019 жылы 22 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      9) "Шу ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3284 болып тіркелген, 2017 жылы 30 қаңтарда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      10) "Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 10-13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 болып тіркелген, 2017 жылы 22 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      11) "Жуалы ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген, 2017 жылы 7 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      12) "Мойынқұам ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы 20-8 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген, 2018 жылы 26 ақпанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      13) "Мойынқұм ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4447 болып тіркелген, 2019 жылы 19 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      14) "Байзақ ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 36-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 болып тіркелген, 2019 жылы 19 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады