Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 2 хаттамасы негізінде, Тараз қаласының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Тараз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кеңесханұлы Ахаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Календеров |