Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 26.02.2024 № 18-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық мәслихаттың аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Н. Тлепов |