Байзақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 6-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 3159 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 24-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 24-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 6 тармағына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

      өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      "Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамасы;

      банктегі шоттың болуы туралы құжат;

      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Ескерту. 2– тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 25.08.2020 №71-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Экология табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен әлеуметтік қорғау мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы А. Исабаев
      Байзақ аудандық
      мәслихатының хатшысы Н. Тлепов

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Байзакском районе

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 19 августа 2016 года № 6-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 19 сентября 2016 года № 3159. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 30 марта 2022 года № 24-5

      Сноска. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 30.03.2022 № 24-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее – возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере шести месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Байзакского района";

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями (далее – получатель);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление, по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей инвалидов" утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 (далее – Стандарт);

      документ, удостоверяющий личность получателя;

      заключение психолого – медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико – социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10589);

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающую факт обучения ребенка - инвалида на дому, по форме согласно приложению 2 к Стандарту.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 25.08.2020 № 71-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Байзакского районного маслихата "По вопросам экологии, природопользования, здравоохранения, социальной защиты малообеспеченных слоев населения и инвалидов, по делам женщин и семьи".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Байзакского районного маслихата А. Исабаев
      Секретарь Байзакского
      районного маслихата Н. Тлепов