Байзақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 6-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 71-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қыркүйекте № 4727 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 24-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 24-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №165 қаулысына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 6-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3159 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 29 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Байзақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 6-5 шешімдегі 2 тармақтың 3) тармақшасының 3 абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Большебеков
      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Тлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады