РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Байзақ ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 14 хаттамасы негізінде, Байзақ ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
3. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Д. Сұлтанбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 4 қарашадан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |