Байзақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 3359 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байзақ ауданы әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Байзақ ауданы әкімінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 21 қазандағы № 3186 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қазандағы № 102 "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Байзақ ауданы әкімінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 5 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 3241 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 желтоқсандағы № 116 "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған);
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Сұлтанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады