Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. "Меркі ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Абжапаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбеков |
Меркі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 222 қаулысына қосымша |