РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын және Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойтал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылындағы Иван Крылов көшесінің атауы Сыбанбай Құралбайұлы көшесіне өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ойтал ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы М. Көшербаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойтал ауылдық округінің әкімі | Қ. Шайхиев |