Ойтал ауылдық округіндегі Иван Крылов көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 05 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпанда № 2922 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын және Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойтал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:       

       1. Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылындағы Иван Крылов көшесінің атауы Сыбанбай Құралбайұлы көшесіне өзгертілсін.

       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ойтал ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы М. Көшербаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойтал ауылдық округінің әкімі Қ. Шайхиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады