Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерi қосымшаға сәйкес белгіленсiн.
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде "Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі –қаржы бөлімі) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нүркенов |
Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 273 қаулысына қосымша |