Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 273 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3166 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерi қосымшаға сәйкес белгіленсiн.
      2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде "Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі –қаржы бөлімі) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Нүркенов

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 273 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі келесіде айқындалады:

Таза табыс
3 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады