РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 243 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2714 болып тіркелген, 2015 жылдың 12 тамызында № 68 (6498) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шу ауданы әкімдігінің Регламентiнде:
18 тармақтағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Дәулет |