Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 243 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2714 болып тіркелген, 2015 жылдың 12 тамызында № 68 (6498) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) және "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 217 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 болып тіркелген, 2016 жылдың 4 маусымында №51 (6587 ) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Жақсыбаев |