Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және Шу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 1 ақпандағы № 18 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауылдық округінің Алға ауылы аумағында жылқылардың індетті лимфангит ауруының пайда болуына байланысты Алға ауылдық округінің Алға ауылы аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Қ.Көпжановқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алға ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т. Смағұлов |
Алға ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 10 "Алға ауылдық округіндегі Алға ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
"К Е Л І С І Л Д І"
"Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Шу аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі
Басшы Ш. Жапабаев
1 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекция мемлекеттік
мекемесі
Басшы С.Таңсықов
1 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы тұтынушылар
құқықтарын қорғау агенттігінің Жамбыл
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің "Шу ауданы
бойынша тұтынушылар құқығын қорғау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Басшы М. Болотин
1 ақпан 2016 жыл