Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына сәйкес және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 19 ақпандағы №43 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескі-Шу ауылдық округінің Еңбекші ауылы аумағында жылқылардың індетті лимфангит ауруының пайда болуына байланысты Ескі-Шу ауылдық округінің Еңбекші ауылы аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескі-Шу ауылдық округінің бас маманы А.Кулмбетоваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ескі-Шу ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Рысмендеев |
Ескі-Шу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 10 "Ескі-Шу ауылдық округіндегі Еңбекші ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы
"К Е Л І С І Л Д І"
"Жамбыл облысы Ішкі істер
Департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі
Басшы Ш. Жапабаев
22 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С.Таңсықов
22 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
"Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
Басшы М.Болотин
22 ақпан 2016 жыл