"Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 481 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 3708 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 93 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 29.09.2016 № 93 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 " Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығымен бекітілген, Мәслихаттың үлгі регламентінің 65-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қарағанды облыстық мәслихатының 1999 жылғы 29 сәуірдегі XXVI сессиясының "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі мен Қарағанды облыстық мәслихатының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы Х сессиясының № 158 "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Н. Дулатбеков

  Қарағанды облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 19 ақпандағы XLII
  сессиясының № 481шешімімен
  бекітілген

"Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты"мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100012 индексі, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би аттындағы аудан, Әлиханов көшесі, 13.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат Карагадинского областного маслихата".
      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Қарағанды облыстық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері: облыстық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) облыстық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссия-ларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді облыстық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
      2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыс-тарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
      3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
      4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
      5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралар жасайды және орындалуын қадағалайды;
      6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
      7) облыстық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен облыстық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
      9) облыстық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
      10) облыстық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) облыстық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
      2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
      3) облыстық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
      4) облыстық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
      5) облыстық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болатын, облыстық мәслихаттың хатшысы мәслихат аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      19. Облыстық мәслихаттың хатшысын сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. Облыстық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Облыстық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      6) банктік шоттарды ашады;
      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
      8) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) мемлекеттік мекеменің қызметшiлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
      10) облыстық мәслихат аппараты басшысының және оның орынбасарының міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
      11) мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      12) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихаттың сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмыстарға қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      13) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      14) сайлаушылардың өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      15) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      16) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      17) мәслихаттың шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      18) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және облыстық мәслихатпен өзіне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихаттың депутаты уақытша жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Карагандинского областного маслихата"

Решение XLII сессии Карагандинского областного маслихата от 19 февраля 2016 года № 481. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 марта 2016 года № 3708. Утратило силу решением IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 93

      Сноска. Утратило силу решением IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29.09.2016 № 93.
      В соответствии со статьей 25 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с Типовым положением государственного органа, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и пунктом 65 Типового регламента маслихата, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата", областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Карагандинского областного маслихата".
      2. Решение XXVI сессии Карагандинского областного маслихата от 29 апреля 1999 года "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Карагандинского областного Маслихата" и решение X сессии Карагандинского областного маслихата от 11 декабря 2004 года № 158 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Карагандинского областного Маслихата" отменить.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии,
секретарь областного маслихата
Н. Дулатбеков

  Утверждено
решением XLII сессии
областного маслихата
от 19 февраля 2016 года № 481

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения
"Аппарат Карагандинского областного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Карагандинского областного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность Карагандинского областного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Карагандинского областного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Карагандинского областного маслихата" (далее - аппарат маслихата) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжени-ями секретаря Карагандинского областного маслихата.
      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 100012, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек би, улица Алиханова, 13.
      10. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке: "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке: государственное учреждение "Аппарат Карагандинского областного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.
      12. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.
      13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата маслихата.

2.Миссия, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного органа

      14. Миссия аппарата маслихата: обеспечение эффективной деятельности Карагандинского областного маслихата.
      15. Задачи: осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения областного маслихата и его органов, оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий.
      16. Функции:
      1) в соответствии с Регламентом областного маслихата обеспечивает подготовительную и организационно-техническую работу проведения сессий, заседаний постоянных комиссий областного маслихата;
      2) обеспечивает депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий, постоянных комиссий;
      3) составляет на основании предложений постоянных комиссий планы работы областного маслихата, готовит отчеты о его деятельности;
      4) содействует депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказывает консультативную и методическую помощь, контролирует своевременность рассмотрения и реализации запросов, предложений и замечаний депутатов;
      5) ведет учет и обобщение предложений и замечаний, внесенных депутатами при осуществлении ими своих полномочий, составляет и контролирует выполнение мероприятий по их реализации;
      6) организует предварительное обсуждение рассматриваемых на сессиях вопросов на заседаниях постоянных комиссий, оказывает помощь депутатам в вопросах качественной подготовки проектов решений и заключений;
      7) участвует в разработке актов областного маслихата, а также направляет их на государственную регистрацию в органы юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;
      8) в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечивает публикацию решений областного маслихата в средствах массовой информации;
      9) обеспечивает рассылку решений и других документов областного маслихата соответствующим органам;
      10) ведет протоколы, стенограммы сессий областного маслихата и других заседаний его органов.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать от государственных органов и должностных лиц информацию по вопросам повестки дня планируемых сессий областного маслихата и заседаний постоянных (временных) комиссий;
      2) направлять запросы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов, и депутатских предложений;
      3) осуществлять контроль за сроками и результатом исполнения актов областного маслихата и его постоянных (временных) комиссий;
      4) осуществлять контроль за сроками и результатом исполнения обращений юридических и физических лиц, направленных в областной маслихат;
      5) обеспечивать протоколирование сессий областного маслихата и заседаний постоянных комиссий.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Общее руководство аппаратом маслихата осуществляется секретарем областного маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.
      19. Секретарь областного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Секретарь областного маслихата не имеет заместителей.
      21. Полномочия секретаря областного маслихата:
      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения;
      2) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;
      3) заключает договоры;
      4) выдает доверенности;
      5) утверждает порядок и планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;
      6) открывает банковские счета;
      7) издает распоряжения и дает указания, обязательные для всех работников;
      8) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности служащих государственного учреждения;
      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на служащих государственного учреждения в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      10) определяет обязанности и круг полномочий руководителя аппарата областного маслихата и его заместителя;
      11) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      12) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      13) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      14) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      15) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      16) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      17) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      18) вносит на рассмотрение областного маслихата кандидатуры к назначению на должность председателя ревизионной комиссии области, а также предложение об освобождении его от должности;
      19) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан и областным маслихатом.
      При отсутствии секретаря маслихата по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

4. Имущество государственного органа

      22. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата относится к коммунальной собственности.
      24. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.