Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 481 "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 93 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы негізінде, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 481 "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурыздағы № 53-54 (22159) "Орталық Қазақстан" және №35-36 (21980-21981) "Индустральная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда жариялаған), күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихат аппаратының басшысына (Қ.Қ. Нүркенов) жүктелсін.
      Сессия төрағасы Ж. Штергер
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады