"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, "Бірқатар функцияларды беру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 24/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 60/04 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3016 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 9 наурыздағы № 43-44 "Орталық Қазақстан", № 33-34 "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
"Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің 15 тармағының 28-1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | Н. Әубәкіров |