Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 23/216 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қаласы жерлері бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Сотников |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Медебаев |