Жезқазған қаласы жерлері бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 40/362 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 3679 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 23/216 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қаласы жерлері бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Сотников
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады