"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/24 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 мамырда № 3812 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 8/90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 28.02.2017 № 8/90 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 33/302 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3219 болып тіркелген, 2015 жылғы 08 маусымдағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 12 маусымдағы № 24 (7932) "Сарыарқа" газетінде, 2015 жылғы 12 маусымдағы № 24 (74) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 41/371 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Х. Бөлен
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 2/24 шешімімен
бекітілген

"Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін қалалық мәслихат хатшысымен бағалау жөніндегі комиссия құрылады, оның жұмысын аппарат басшысы ұйымдастырады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы қалалық мәслихат хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып қалалық мәслихаттың бас маманы табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымы;
      2) оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана аппарат басшысына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінде болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Аппарат басшысы бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
      Аппарат басшысы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесімен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және қалалық мәслихаттың Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындау тәртібін бұзуға:
      1) Жезқазған қалалық мәслихаты басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде аппарат басшысы, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы аппарат басшысы және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда аппарат басшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда аппарат басшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін бөлімде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай аппарат басшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде аппарат басшысына жіберіледі.
      33. Аппарат басшысы айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
      


      

– тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді";
      130 баллдан астам – "өте жақсы".
      37. Аппарат басшысы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      


      ∑жыл – жылдық баға;
      

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;
      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Аппарат басшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Аппарат басшысы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      41. Аппарат басшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда аппарат басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы аппарат басшысында сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары 

      _________________________________ жыл
      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_________________________________
Қызметшінің лауазымы: ______________________________________________


р/c
Шаралардың аталуы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4
...
 

      Ескертпе:
      * - шаралар қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.
      Қызметші                                     Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда)                        Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      ________________________                  _______________________
      күні____________________                  күні____________________
      қолы____________________                        қолы____________________

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      ____________________ тоқсан _______ жыл
      (бағаланатын кезең)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеле нетін көрсеткіш тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
Көтермеле нетін көрсеткіш тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
1
 
 
 
2
 
 
 
3
...
 
 
 
Өзін-өзі бағалу нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      Қызметші                                    Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда)                        Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      ________________________                  _______________________
      күні____________________                  күні____________________
      қолы____________________                  қолы____________________

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      ______________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Аталуы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
4
...
 
 
 
 

      Қызметші                                          Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда)                              Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      ________________________                        _______________________
      күні____________________                        күні____________________
      қолы____________________                        қолы____________________

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      ______________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________


р/с
Құзіреттің аталуы
Маңызы
Баға
(балл)
Тікелей басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білу
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей білу
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 

  "Жезқазған қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
      ____________________________________________________________________
      (бағалау түрі: тоқсандық/жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
      ______________________________________________________________________________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:______________________            Күні:________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:_____________________            Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: ______________________            Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата"

Решение Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 11 мая 2016 года № 2/24. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 23 мая 2016 года № 3812. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 28 февраля 2017 года № 8/90

      Сноска. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 28.02.2017 № 8/90 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12705) Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1...Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата".
      2. Признать утратившим силу решение Жезказганского городского маслихата от 28 апреля 2015 года № 33/302 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3219, опубликовано в информационно - правовой системе "Әділет" от 8 июня 2015 года, в газете "Сарыарқа" 12 июня 2015 года № 24 (7932), в газете "Жезказганский вестник" 12 июня 2015 года № 24 (74).
      3. Решение Жезказганского городского маслихата от 24 февраля 2016 года № 41/371 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата" отменить.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Х. Болен
      Секретарь городского маслихата С. Медебаев

  Утверждена
решением Жезказганского
городского маслихата
от 11 мая 2016 года № 2/24

Методика
оценки деятельности административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата" (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12705) определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Жезказганского городского маслихата (далее – служащие корпуса "Б").
      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:
      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);
      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.
      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев.
      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках, проходят оценку после выхода на работу в сроки, указанные в настоящем пункте настоящей Методики.
      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.
      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является, лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. Годовая оценка складывается из:
      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;
      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы;
      3) круговой оценки.
      6. Для проведения оценки служащего корпуса "Б" секретарем городского маслихата создается Комиссия по оценке, работу которой организует руководитель аппарата.
      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению секретаря городского маслихата путем внесения изменения в распоряжение о создании комиссии по оценке.
      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.
      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Секретарем Комиссии по оценке является главный специалист городского маслихата. Секретарь Комиссии по оценке не принимает участие в голосовании.

2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" составляется не позднее первого января следующего года, служащим корпуса "Б" и его непосредственным руководителем совместно по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.
      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность по истечении указанного в пункте 10 настоящей Методики срока, индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня назначения его на должность.
      12. Индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" содержит:
      1) персональные данные о служащем корпуса "Б" (Ф.И.О. (при его наличии), занимаемая должность служащего корпуса "Б");
      2) наименование мероприятий работы служащего корпуса "Б", исходя из его функциональных обязанностей.
      Мероприятия указываются достижимые, реалистичные, связанные с функциональным направлением работы служащего корпуса "Б", имеющие конкретную форму завершения.
      Количество и сложность мероприятий определяются в сопоставлении по государственному органу.
      3) подписи служащего корпуса "Б" и его непосредственного руководителя, дата подписания индивидуального плана.
      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается руководителю аппарата. Второй экземпляр находится у служащего корпуса "Б".

3. Подготовка к проведению оценки

      14. Руководитель аппарата формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.
      Руководитель аппарата обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

4. Оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.
      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов.
      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и/или организационном плане.
      18. Поощряемые показатели и виды деятельности определяются государственным учреждением "Аппарат Жезказганского городского маслихата" исходя из своей специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интернет-портале городского маслихата документы и мероприятия.
      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.
      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.
      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся:
      1) нарушения сроков исполнения поручений руководства Жезказганского городского маслихата, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц;
      2) некачественное исполнение поручений, обращений физических и юридических лиц.
      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:
      1) отсутствие на работе без уважительной причины;
      2) опоздания на работу без уважительной причины;
      3) нарушения служащими служебной этики.
      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от руководителя аппарата, непосредственного руководителя служащего корпуса "Б", уполномоченного по этике.
      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере " – 2" балла за каждый факт нарушения.
      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных руководителем аппарата и уполномоченным по этике сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.
      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".
      Отказ служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае руководителем аппарата и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

5. Оценка выполнения индивидуального плана работы

      26. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      27. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.
      28. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".
      Отказ служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае руководителем аппарата и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

6. Круговая оценка

      29. Круговая оценка представляет собой оценки:
      1) непосредственного руководителя;
      2) подчиненных служащего корпуса "Б";
      3) а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в отделе, в котором работает служащий корпуса "Б" (в случае их наличия).
      30. Перечень лиц (не более трех), указанных в подпунктах 2) и 3) пункта 29 настоящей Методики, определяется руководителем аппарата не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего корпуса "Б".
      31. Лица, указанные в пункте 29 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.
      32. Заполненные оценочные листы направляются руководителю аппарата в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      33. Руководитель аппарата осуществляет расчет среднего значения круговой оценки.
      34. Круговая оценка осуществляется анонимно.

7. Итоговая оценка

      35. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:
      


      где

– квартальная оценка;
      а – поощрительные баллы;
      в – штрафные баллы.
      36. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 80 баллов – "неудовлетворительно";
      от 80 до 105 баллов – "удовлетворительно";
      от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно";
      свыше 130 баллов – "превосходно".
      37. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется руководителем аппарата не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:
      


      где

– годовая оценка;
      

– средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение). При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 36 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:
      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла;
      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла;
      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла;
      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;
      

– оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение);
      

– круговая оценка (среднеарифметическое значение).
      38. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 3 баллов – "неудовлетворительно";
      от 3 до 4 баллов – "удовлетворительно";
      от 4 до 5 баллов – "эффективно";
      5 баллов – "превосходно".

8. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      39. Руководитель аппарата обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Руководитель аппарата предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненные оценочные листы;
      2) заполненный лист круговой оценки (для годовой оценки);
      3) должностная инструкция служащего корпуса "Б";
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 5 к настоящей Методике.
      40. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      если эффективность деятельности служащего корпуса "Б" превышает результат оценки. При этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего корпуса "Б";
      при допущении ошибки руководителем аппарата при расчете результата оценки служащего корпуса "Б".
      41. Руководитель аппарата ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае руководителем аппарата в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      42. Документы, указанные в пункте 39 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся у руководителя аппарата.

9. Обжалование результатов оценки

      43. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      44. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      45. Информация о принятом решении представляется государственным учреждением "Аппарат Жезказганского городского маслихата" в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.
      46. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.

10. Принятие решений по результатам оценки

      47. Результаты оценки являются основаниям для принятия решений по выплате бонусов и обучению.
      48. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".
      49. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.
      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.
      50. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      51. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.
      52. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.

  Приложение 1
к Методике оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учрежении
"Аппарат Жезказганского городского маслихата"

            Форма

Индивидуальный план работы административного государственного служащего корпуса "Б"

      ___________________________________ год
      (период, на который составляется индивидуальный план)
      Ф.И.О. (при его наличии) служащего: ___________________________________
      Должность служащего: _______________________________________________

№ п/п
Наименование мероприятий*
Результат мероприятия
1
Мероприятие
 
2
Мероприятие
 
3
Мероприятие
 
4
...
 

      Примечание:
      * - мероприятия определяются исходя из функциональных обязанностей служащего. Количество и сложность мероприятий должны быть сопоставимы по государственному органу.
      Служащий                               Непосредственный руководитель
      Ф.И.О. (при его наличии)                  Ф.И.О. (при его наличии)
      ____________________________            ____________________________
      дата ________________________             дата ________________________
      подпись _____________________            подпись _____________________

  Приложение 2
к Методике оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учрежении
"Аппарат Жезказганского городского маслихата"

            Форма

Оценочный лист

      ____________________ квартал _______ года
      (оцениваемый период)
      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:______________________
      Должность оцениваемого служащего: __________________________________
      Оценка исполнения должностных обязанностей:

№ п/п
Самооценка служащего
Оценка непосредственного руководителя
Примечание
Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности
Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины
Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины
Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности
Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины
Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины
1
 
 
 
2
 
 
 
3
...
 
 
 
Результат самооценки:
Результат оценки:
 

      Служащий                               Непосредственный руководитель
      Ф.И.О. (при его наличии)                  Ф.И.О. (при его наличии)
      ____________________________            ____________________________
      дата ________________________             дата ________________________
      подпись _____________________            подпись _____________________

  Приложение 3
к Методике оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учрежении
"Аппарат Жезказганского городского маслихата"

            Форма

Оценочный лист

      ______________________________________ год
      (оцениваемый год)
      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:______________________
      Должность оцениваемого служащего: __________________________________
      Оценка выполнения индивидуального плана:

№ п/п
Наименование
Значение
Результаты самооценки служащего
Результаты оценки руководителя
Примечание
1
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
2
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
3
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
4
...
 
 
 
 

      Служащий                               Непосредственный руководитель
      Ф.И.О. (при его наличии)                  Ф.И.О. (при его наличии)
      ____________________________            ____________________________
      дата ________________________             дата ________________________
      подпись _____________________            подпись _____________________

  Приложение 4
к Методике оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учрежении
"Аппарат Жезказганского городского маслихата"

            Форма

Лист круговой оценки

            ______________________________________ год

            (оцениваемый год)

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ______________________
      Должность оцениваемого служащего: __________________________________

№ п/п
Наименование компетенции
Значение
Оценка (баллы)
Непосредственный руководитель
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 

  Приложение 5
к Методике оценки деятельности
административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учрежении
"Аппарат Жезказганского городского маслихата"

            Форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

            ____________________________________________________________________ (наименование государственного органа)

      ____________________________________________________________________
      (вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период (квартал и (или) год)
      Результаты оценки

№ п/п
Ф.И.О. (при его наличии) служащих
Сведения о результатах оценки
Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)
Рекомендации Комиссии
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
      ________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:_______________________       Дата: ________________
       (Ф.И.О (при его наличии)., подпись)
      Председатель Комиссии:____________________       Дата: ________________
       (Ф.И.О (при его наличии)., подпись)
      Член Комиссии:___________________________       Дата: ________________
       (Ф.И.О (при его наличии)., подпись)