Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы ХXXXIX сессиясының № 420 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 3752 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (690) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      3 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      11 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда тұлғаларға (отбасына) әлеуметтік көмек ұсынылады.";

      келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.";

      келесі мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға бір жола төленеді.";

      келесі мазмұндағы 27-2 тармақпен толықтырылсын:

      "27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартымен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).";

      келесі мазмұндағы 27-3 тармақпен толықтырылсын:

      "27-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      келесі мазмұндағы 27-4 тармақпен толықтырылсын:

      "27-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      32 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХХХІХ сессияның төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы
З. Оспанова

О внесении изменений и дополнений в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 216 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал"

Решение ХXXXIX сессии Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 17 марта 2016 года № 420. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 апреля 2016 года № 3752. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 29 июля 2020 года № 421

      Сноска. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 29.07.2020 № 421 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 216 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2593, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 11 мая 2014 года, в газете "Қазыналы өңір" от 26 апреля 2014 года № 18 (690)), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал утвержденных указанным решением:
      подпункт 9) пункта 3 изложить в новой редакции:
      "9) уполномоченная организация - некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан";
      пункт 11 изложить в новой редакции:
      "11. Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации предоставляется лицам (семьям) при наличии среднедушевого дохода, не превышающего порога 0,6 кратном отношении к прожиточному минимуму.";
      дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:
      "17-1. При обращении заявителя за социальной помощью на основе социального контракта проводится собеседование с гражданином.";
      дополнить пунктом 27-1 следующего содержания:
      "27-1. Социальная помощь на основе социального контракта предоставляется на условиях участия трудоспособных членов семьи (лица) в мерах содействия занятости и случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.";
      дополнить пунктом 27-2 следующего содержания:
      "27-2. Социальный контракт активизации семьи заключается согласно формам, утверждаемым приказом Министра здравоохранения и социального развития от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении формы социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10474).";
      дополнить пунктом 27-3 следующего содержания:
      "27-3. Социальный контракт активизации семьи заключается на шесть месяцев с возможностью пролонгации еще на шесть месяцев, но не более одного года при условии необходимости продления социальной адаптации членов семьи, и (или) не завершения трудоспособными членами семьи профессионального обучения и (или) прохождения молодежной практики и (или) занятости в социальных рабочих местах.";
      дополнить пунктом 27-4 следующего содержания:
      "27-4. Социальный контракт активизации семьи заключается в двух экземплярах, один из которых выдается заявителю под роспись в журнале регистрации, второй – хранится в уполномоченном органе, заключившим социальный контракт активизации семьи.";
      пункт 32 изложить в новой редакции:
      "32. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес" и "Социальная помощь".".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXХХIХ сессии,
секретарь городского маслихата
З. Оспанова