Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 355 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі "Шарайна" № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
28 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"28. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13773 болып тіркелген).".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Әділбаев |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Т. Хмилярчук |