Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда, 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 3 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы:
1) 2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" уәкілетті ұйым - коммерциялық емес акционерлік қоғам;";
2) 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "туберкулез" ауруы болса;
3) адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;
4) күнкөріс деңгейінің 0,6 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.";
3) 14 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі. Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.";
4) 24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"24. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын төленеді.
Отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтауы және (немесе) жастар практикасынан өтуі және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайларда болса, бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |