"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет және республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, Саран қаласы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласы әкімінің м. а. | М. Кожухов |
Cаран қаласы әкімдігінің 2016 жылғы " 28 " шілде № 30/04 қаулысына қосымша |
Саран қаласының 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы мемлекеттік білім беру тапсырысы
кестенің жалғасы:кестенің жалғасы:
Ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері, теңге |
Шағын орталық 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар |
9000 |