Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 46/3 "2016 жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (2015 жылғы 28 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарында, 2016 жылғы 12 ақпандағы № 6 (1320) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
4 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |