Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1999 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1999 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2016 жылдың 01 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын.
2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 1999 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |