Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 10.02.2025 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Қошантаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С.М. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 33/01 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер
№ | Критерийлер атауы | Иеліктен айыру түрлері |
1. |
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). | сауда-саттықты аукциoн нысанында өткізу |
2. |
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. | сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3. | Сенім білдірілген басқарушының,жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. | тікелей атаулы сатылым |
4. |
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. | сауда-саттықты қор биржасында өткізу |
5. |
Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. | екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |