Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 13.06.2018 № 251 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 38 сессиясының № 400 "Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3437 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазандағы № 42 (5429) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылы 20 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық маслихаттың хатшысы |
Б. Шайжанов |