Төтенше жағдай жариялау туралы

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте № 3955 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің 15.09.2016 № 12 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шет ауданы Ақжал кентінде көп қабатты тұрғын үйдің тірек конструкцияларының авариялық сипаттағы кемістіктеріне, жоғары тұрған конструкциялары кез келген кезде құлауы ықтимал екендігі және адамдардың өміріне тікелей қауіптің туындауына байланысты төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары М. Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шет ауданының әкімі М. Жандаулетов

Об объявлении чрезвычайной ситуации

Решение акима Шетского района Карагандинской области от 9 сентября 2016 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 сентября 2016 года № 3955. Утратило силу решением акима Шетского района Карагандинской области от 15 сентября 2016 года № 12

      Сноска. Утратило силу решением акима Шетского района Карагандинской области от 15.09.2016 № 12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", аким Шетского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайнную ситуацию в поселке Акжал Шетского района в связи дефектами аварийного характера на несущих конструкциях, с возможным обрушением выше лежащих конструкций и возникающий прямой угрозой жизни людей многоэтажного жилого дома.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Шетского района М. Мухтарова и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким Шетского района М. Жандаулетов