Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданы Ақжал кентінде көп қабатты тұрғын үйдің тірек конструкцияларының авариялық сипаттағы кемістіктеріне, жоғары тұрған конструкциялары кез келген кезде құлауы ықтимал екендігі және адамдардың өміріне тікелей қауіптің туындауына байланысты төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары М. Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандаулетов |